1 сағат бұрын
Португалиялық шабуылшы «Қайрат» футзал клубынан кетті
Фото: «Қайрат» футзал клубы
«Қайрат» футзал клубы сапынан шабуылшы Уго Невеш кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Команда сапындағы жарты жыл ішінде Уго Невеш командаға өз үлесін қосып, жарқын ойынымен жанкүйерлердің ықыласына бөленді.
Португалиялық «Брага» клубынан жалға келген шабуылшы Қазақстан чемпионатында 22 матч өткізіп, 35 гол соқты. Сондай-ақ УЕФА футзалдан Чемпиондар лигасында бір мәрте мергендігімен көзге түсті.
- «Қайрат» сапында Қазақстан чемпионы атанған Угоға кәсібилігі, жанкештілігі және команданың жеңісіне қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз. Алдағы мансабыңа сәттілік, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз, - деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайрат футзал» клубы бразилиялық Жулио Заноттоның команда сапынан кеткенін мәлімдеді
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан