9 сағат бұрын
Астанада UEFA -ның жаттықтырушылар курсының екінші модулі өтіп жатыр
Фото: ҚФФ
Дарынды жас футболшылармен жұмыс істейтін жаттықтырушыларға арналған UEFA «A Elite Youth» курсы төрт күнге созылады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Оқыту бағдарламасында қатысушылар жас ойыншыларды даярлаудың заманауи тәсілдерін меңгеріп, жаттығу процесін жоспарлау мен өткізудің әдістерін жетілдіреді, сондай-ақ өздерінің практикалық жұмыстарын ұсынады.
Бағдарлама теориялық сабақтарды, жаттығу процесін талдауды, тәжірибелік сессияларды және шағын топтардағы жұмысты қамтиды.
Сонымен қатар команданың шабуыл әрекеттерін ұйымдастыру, ұлттық құрамалар ойыншыларын тестілеу, скаутингтің заманауи әдістері, таланттарды анықтау, жас футболшылардың әлеуетін бағалау және олардың дамуын сүйемелдеу мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Практикалық бөлімде тыңдаушылар командамен жаттығу өткізіп, кейін сарапшылардан жан-жақты кері байланыс алады.
Еске салсақ, бұдан бұрын ҚФФ Ұлттық құрама бас бапкеріне қойылатын талаптарды бекітті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан