8 сағат бұрын
ӘЧ-2026: бүгін ширек финалда Франция - Марокко кездеседі
Фото: fifa.com
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 1/4 финалында шілденің 9-нан 10-на қараған түні Франция - Марокко құрамалары сынға түседі, деп хабарлайды Sport12.kz .
Кездесу 10 шілдеде Қазақстан уақытымен 01:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Бұл ойын АҚШ-тың Бостон қаласындағы 68756 жанкүйерге арналған Джиллетт стадионында өткізіледі. Бас төреші - Факундо Тельо (Аргентина). Оған отандастары Хуан Пабло Белатти мен Габриэль Чаде көмектеседі. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі Дарио Эррера.
Топтық кезеңде Франция құрамасы J тобында барлық кездесуде жеңіске жетті. Олар сенегалды 3:1, Иракты 3:0, Норвегияны 4:1 есебімен сүріндірсе, 1/16 финалда Швецияны 3:0, 1/8 финалда Парагвайды 1:0 есебімен қапы қалдырды.
Ал Марокко С тобында Бразилиямен 1:1 есебімен тең түссе, Шотландияны 1:0, Гаитиді 4:2 есебімен тізе бүктірді. Одан кейін 1/16 финалда Нидерланд (1:1, пенальтиден 3:2) және Канада (3:0) құрамаларынан басым түсті.
Екі құрама қазірге дейін бес мәрте кездесті. Оның үшеуінде франциялық құрама басым түссе, екеуінде тең нәтиже тіркелді.
Сондай-ақ 1/4 финалда Испания - Бельгия, Норвегия - Англия, Аргентина - Швейцария шеберлік байқасады.
Еске салсақ, Астанада UEFA -ның жаттықтырушылар курсының екінші модулі өтіп жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан