Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

09.07.2026

Демият Сламбеков «Қызылжар» сапынан кетеді

Демият Сламбеков «Қызылжар» сапынан кетеді

Фото: «Қызылжар» футбол клубы

Петропавлдық «Қызылжар» футбол клубы Демият Сламбековпен келісімшартты бұздаы, деп хабарлайды Sport12.kz.

Футболшы петропавлдық клуб қатарына биылғы жылдың басында қосылған еді.

28 жастағы футболшы — «Оле Бразил» академиясының түлегі. Ол өткен маусымда «Ұлытау» сапында өнер көрсетіп, команданы алаңда капитан ретінде бастап шықты. Сламбеков маусым барысында 25 матчқа қатысып, бір голдың авторы атанды және ұжымның негізгі ойыншыларының бірі болды.

Демият Сламбековтің кәсіби мансабында «Бәйтерек», «Оқжетпес», «Жетісу», «Ақтөбе», «Ақсу» және «Қайсар» клубтары бар. Сондай-ақ ол Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларына шақырылған.

Осылайша, тәжірибелі жартылай қорғаушы жаңа маусымда «Қызылжардың» сапын күшейтетін болады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Петропавлдық «Қызылжар» Дамьян Краишникпен келісімшарт екі тараптың өзара келісімі бойынша тоқтатылғанын мәлімдеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан