Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Конференция лигасы: «Елімай» сырт алаңда «Алашкертпен» тең түсті

Конференция лигасы: «Елімай» сырт алаңда «Алашкертпен» тең түсті

Фото: «Елімай» футбол клубы

Бүгін футболдан UEFA Чепиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Елімай» (Семей) сырт алаңда Арменияның «Алашкерт» командасымен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алғашқы минуттан командалар бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Соған қарамастан бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Ойынның 60-минутында семейлік клубтан Арсен Әшірбек қарсылас команда қақпашысын қапы қалдырды. Бұл - семейлік клубтың еуроокубок ойындарыдағы тұңғыш голы.


Дегенмен 86-минутта армениялық клубтан Давид Тертерян таразы басын теңестірді.

Екі команданың бұдан кейін есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндігі болды. Дегенмен оны футболшылар пайдасына жарата алған жоқ.

Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Енді қарымта кездесу 16 шілдеде Семей қаласында өткізіледі.

Айта кетсек, бүгін 00:00-де елордалық «Астана» Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Албанияның «Динамо Сити» командасымен кездеседі.

Сондай-ақ қостанайлық клуб Конференция лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Қарсыласы - Литваның «Паневежис» клубы.

Ал бұдан бұрын алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы 2026/27 маусымының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында Черногорияның «Сутьеска» клубын 2:1 есебімен жеңді.





Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан