Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 күн бұрын

Рамазан Оразов «Алашкертпен» кездесуде қандай жарақат алды? 

Рамазан Оразов «Алашкертпен» кездесуде қандай жарақат алды? 

Фото: «Елімай» футбол клубы

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Елімай» (Семей) командасының капитаны Рамазан Оразовтың сырт алаңда Арменияның «Алашкерт» командасымен кездесуіде қандай жарақат алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі бейнежазба жариялады.

- Біздің капитан Рамазан Оразов «Алашкертке» қарсы матчта иығынан жарақат алып, дереу жергілікті емханаға жеткізілді, - деп хабарланды клубтың Instagram парақшасында.

Айта кетсек, бұл кездесуде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Ойынның 60-минутында семейлік клубтан Арсен Әшірбек қарсылас команда қақпашысын қапы қалдырды. Дегенмен 86-минутта армениялық клубтан Давид Тертерян таразы басын теңестірді.

Енді қарымта кездесу 16 шілдеде Семей қаласында өткізіледі.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан