22 сағат бұрын
«Астана» Конференция лигасын жеңіспен бастады
Бүгін футболдан UEFA Чепиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Астана» сырт алаңда Албанияның «Динамо Сити» командасымен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында қос команда жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеген еді. Дегенмен олар діттеген мақсатына жеткен жоқ. Бірінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады.
Екінші кезеңде қазақстандық команда шабуыл шебінде көбірек бой көрсетті. Нәтижесінде ойынның 69-минутында әріптесі Марион Томасовтың берген пасын Рамазан Каримов голға айналдырды.
Осылайша «Астана» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Енді қарымта кездесу 16 шілдеде елордада өткізіледі.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық «Елімай» (Семей) Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Арменияның «Алашкерт» командасымен 1:1 есебімен тең түсті.
Сондай-ақ қостанайлық клуб Конференция лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Қарсыласы - Литваның «Паневежис» клубы.
Ал бұдан бұрын алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы 2026/27 маусымының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында Черногорияның «Сутьеска» клубын 2:1 есебімен жеңді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан