2 сағат бұрын
Қазақстан UEFA коэффициенттер кестесінде 36-орынға көтерілді
Фото: «Астана» футбол клубы
Қазақстан еурокубоктағы бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчынан кейін UEFA коэффициенттер кестесінде 36-орынға көтерілді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Коэффициент бойынша биылғы маусымда командалардың жинаған ұпайының жалпы саны еурокубокқа қатысатын қауымдастық клубтарының санына бөлінеді. Оған қоса алдыңғы төрт маусымның нәтижесі ескеріледі. Коэффициенттер тең болған жағдайда алдыңғы маусымдағы жоғары коэффициентпен байланысы ескеріледі.
Елімізге алғашқы ұпайды «Қайрат» алып келді. Өткен жыыл ел біріншілігінде жеңімпаз атанған команда Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында черногориялық «Сутьесканы» 2:1 есебімен жеңді.
Сәттілік сериясын Конференция лигасында «Астана» мен «Елімай» жалғастырды. Елордалық клуб Албанияның «Динамо Ситиін» (1:0) жеңсе, өз тарихында алғашқы еурокубок матчын өткізген Семейлік команда армениялық «Алашкерттпен» 1:1 есебімен тең түсті.
UEFA коэффициенттер кестесі:
1. Англия - 101,852;
2. Италия - 87,660;
3. Испания - 82,368;
4. Германия - 80,116;
5. Франция - 67,653;
6. Португалия - 62,650;
7. Бельгия - 56,850;
8. Нидерланд - 50,729;
9. Түркия - 46,375;
10. Чехия - 43,025;
...
34. Босния және Герцеговина - 12,468;
35. Косово - 11,906;
36. Қазақстан - 11,500;
37. Финляндия - 10,750;
38. Латвия-10,750;
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан