6 сағат бұрын
«Қайсар» бас бапкерді қашан ауыстырады?
Фото: «Қайсар» футбол клубы
Қызылордалық «Қайсар» команданың біріншіліктегі қолайсыз жағдайына қарамастан бас бапкерді ауыстыруды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.
- Менің ақпаратым бойынша, клуб басшылығы қазақстандық маман Андрей Ферапонтовқа сенім білдіреді. Жаңа бас бапкерді тағайындау нұсқасын қарастырып отырған жоқ, - деп жазды ол.
Қазақстан Премьер-лигасы 18-турынан кейін «Кайсар» тцрнир кестесінде 12-орында келеді. Олардың еншісінде үш жеңіс, тоғыз тең ойын, бес жеңіліс бар.
Еске салсақ, Андрей Ферапонтов қызылордалық клуб былтыр желтоқсан айында ұстады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан