6 сағат бұрын
Футболдан әйелдер лигасында БИІК тоғызыншы жеңісіне жетті
Фото: БИІК футбол клубы
Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ХІ турында шымкенттік БИІК клубы сырт алаңда Түркістанның «Томирис-Тұранын» жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазірге дейін сегіз ойында сүрінбей келе жатқан шымкенттік команда бұл жолы да сол сәттілік сериясын жалғастырды. Олар түркістандық клуб қақпасына жауапсыз бес гол соқты. Нәтижесінде БИІК қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті.
Осылайша шымкенттік футболшылар турнир кестесінде 9 мәрте жеңіске жетіп, турнир кестесінде көш басында келеді.
Ойындар нәтижесі
13 шілде
А конференциясы
«Атырау» - «Каспий» (Ақтау) 6:0
«Ордабасы» (Шымкент) - «Жетісу» (Талдықорған) 0:0
«Томирис-Тұран» (Түркістан) - БИІК (Шымкент) 0:5
«Қайсар» (Қызылорда) - «Ұлытау» (Жезқазған) 3:0
В конференциясы
«Жеңіс» (Астана) - «Шахтер» (Қарағанды) 9:0
Енді В конференциясында 14 шілдеде төрт ойын өткізіледі.
Ойындар кестесі
14 шілде
16:00. «Елімай» (Семей) - «Алтай» (Өскемен)
17:00. «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Тобыл» (Қостанай)
18:00. «Ақтөбе» - «Қызылжар» (Петропавл)
19:00. «Астана» - «Ертіс» (Павлодар).
Биыл ел біріншілігінде «Ақтөбе», БИІК, «Томирис-Тұран» клубтары жүлделі орындарға таласады деп күтіледі. Былтыр футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» тұңғыш рет чемпион атанды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордалық «Қайсар» команданың біріншіліктегі қолайсыз жағдайына қарамастан бас бапкерді ауыстыруды жоспарлап отырған жоқ екенін хабарлаған едік.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан