5 сағат бұрын
ӘЧ-2026: бүгін жартылай финалда Франция мен Испания кездеседі
Фото: fifa.com
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/2 финалында Франция мен Испания кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 23:50-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ойын АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы 111 000 жанкүйерге арналған Эй-Ти-энд-Ти стадионында өтеді.
Бас төреші - Иван Бартон (Сальвадор). Оған отандастары Давид Моран Сантос пен Антонио Пупиро көмектеседі. Қосалқы төреші - Гленн Нюберг (Швеция).
Топтық кезеңде Франция құрамасы J тобында барлық кездесуде жеңіске жетті. Олар Сенегалды 3:1, Иракты 3:0, Норвегияны 4:1 есебімен сүріндірсе, 1/16 финалда Швецияны 3:0, 1/8 финалда Парагвайды 1:0, 14 финалда Марокконы 2:0 есебімен қапы қалдырды.
Испания H тобында екі жеңіс, бір тең ойынмен 7 ұпай жинады. Олар Уругвайды 1:0, Сауд Арабиясын 4:0 есебімен жеңіп, Кабо-Вердемен 0:0 есебімен тең түсті. Одан кейін 1/16 финалда Аустрияны 3:0, 1/8 финалда Португалияны 1:0, Бельгияны 2:1 есебімен жеңді.
Айта кетсек, екі құрама арасындағы кейінгі он кездесудің алтауында Испания, үшеуінде Франция жеңіске жетсе, біреуінде тең нәтиже тіркелді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан