4 сағат бұрын
Самат Жарынбетов «Ертістен» өр еркімен кетті
Фото: «Ертіс» футбол клубы
«Ертіс» футбол клубы мен жартылай қорғаушы Самат Жарынбетовтің келісімшарты тараптардың өзара келісімімен аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызмеиіт мәлім етті.
Самат биылғы маусымда павлодарлық клуб сапында 17 ойын өткізіп, оның 13-інде капитан ретінде команданы алаңға бастап шықты.
- Саматқа «Ертіс» сапында өткізген кезеңі үшін ризашылығымызды білдіреміз. Алдағы спорттық жолында жаңа белестер мен толайым табыс тілейміз, - деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын Павлодардың «Ертіс» клубы Беларусь құрамасының қорғаушысы Данила Нечаевпен келісімшартты өзара келісім негізінде бұзды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан