2 сағат бұрын
ҚПЛ: «Елімай» - «Қайсар» кездесуі кейінге шегерілуі мүмкін
Фото: «Қайсар» футбол клубы
Семейлік «Елімай» мен Қызылорданың «Қайсар» командалары арасындағы Қазақстан Премьер-лигасы 19-турының матчы кейінге қалдырылуы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.
- Менің ақпаратым бойынша, бұл шешім Андрей Карповичтің командасы УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінен сәтті өткен жағдайда қабылданады,- деді ол.
Еске салсақ, өткен бейсенбіде «Елімай» армениялық «Алашкертке» қарсы матчта 1: 1 есебімен тең түсті.
Еурокубоктың екінші іріктеу кезеңіне шыққан жағдайда семейлік клубтың күнтізбесі түзетіледі. Қазақстан чемпионатындағы «Қайсарға» қарсы матчы кейінгі мерзімге ауыстырылады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан