15 сағат бұрын
Олжас Абраев УЕФА Конференция лигасы ойынына делегат болып тағайындалды
Фото: ҚФФ
Отандық маман Олжас Абраев Молдованың «Милсами Орхей» және Боснияның «Вележ Мостар» командалары арасындағы УЕФА Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңінің матчына делегат болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойын 16 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады. Матч Молдованың Орхей қаласындағы «Дистрикт Спорт Комплекс» стадионында өтеді.
Олжас Абраев 2013 жылдан бастап УЕФА матчтарының делегаты, ал 2016 жылдан бері ФИФА матч комиссары.
Айта кетейік, УЕФА матч делегаты ойындарда УЕФА-ның ресми өкілі ретінде әрекет етеді, матч алдындағы ұйымдастыру жиналыстарына төрағалық етеді, сондай-ақ матчтың жүйелі ұйымдастырылуын және жарыс регламентінің, әсіресе стадион ішінде және одан тыс жерде матчқа дейін, матч кезінде және одан кейін тәртіп пен қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуге жауапты болады.
Сонымен қатар, делегат УЕФА әкімшілігінің сұрауы бойынша матчқа дайындық туралы есеп ұсынады және қажет болған жағдайда турнирдің ұйымдастырылу деңгейі мен мүмкіндіктерін бағалау үшін жарыс алдында нысанды аралап тексереді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Атырау» сербиялық шабуылшы Джордже Пантеличтің клуб сапына қосылғанын ресми түрде жариялады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан