Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

Астанада «Батыр жолы» футбол конференциясы өтеді

Астанада «Батыр жолы» футбол конференциясы өтеді

Фото: kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов

Астанада ҚФФ «Батыр жолы» футбол конференциясы өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл конференция отандық футбол басшыларын, кәсіби клубтардың өкілдерін, жаттықтырушыларды, ұлттық құрамалардың мамандарын және халықаралық деңгейдегі сарапшыларды бір алаңға жинайтын маңызды іс-шара болмақ.

Конференцияның басты мақсаты – Қазақстан футболындағы ұлттық болмысын қалыптастыру мәселелерін және ойыншылар мен жаттықтырушыларды даярлаудың заманауи тәсілдерін талқылау. Сонымен қатар іс-шара барысында «Батыр жолы» ұлттық футбол болмысы жобасының тұсаукесері өтіп, кәсіби пікірталастар ұйымдастырылады.

Конференция стратегиялық мәселелерді талқылаумен қатар, білім беру тұрғысынан да маңызды.

УЕФА-ның жарамды жаттықтырушылық лицензиясы бар отандық мамандар конференцияға қатысқаннан кейін UEFA Continuous Professional Development (CPD) бағдарламасы бойынша 8 сағаттық үздіксіз кәсіби даму сертификатын алады. Бұл сағаттарды ҚФФ жаттықтырушылық лицензияларды ұзарту кезінде есепке ала алады.

ҚФФ үшін бұл конференция – әлемдік стандарттарды енгізуге және елімізде бірыңғай футбол философиясын қалыптастыруға бағытталған маңызды стратегиялық қадам.

Еске салсақ, бұдан бұрын Олжас Абраев УЕФА Конференция лигасы ойынына делегат болып тағайындалды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан