Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Қазақстандық бапкерлер ҚФФ білім беру бағдарламасынан өтті

Қазақстандық бапкерлер ҚФФ білім беру бағдарламасынан өтті

Фото: ҚФФ

2026 жылдың маусым айында Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы бапкерлерді даярлау бағытындағы білім беру бағдарламаларын жүйелі түрде жалғастырды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ай бойы еліміздің әр өңірінен келген 371 бапкер түрлі білім беру іс-шараларына қатысты.

Маусым айындағы негізгі оқиғалардың бірі – Астана, Ақтөбе, Семей және Шымкент қалаларында UEFA «B» лицензиясы курсының екінші модулінің өтуі болды. Бағдарламаға 120 бапкер қатысты.

Сонымен қатар, футболшылардың дене дайындығына жауапты мамандарды даярлауға арналған UEFA «B» Fitness курсының екінші модулі ұйымдастырылды. Оқыту бағдарламасынан 24 бапкер өтті.

Маусым айында UEFA «C» лицензиясы курсының кезекті кезеңі аяқталды. Қорытынды бағалау мен емтихандарды 207 маман сәтті тапсырды. Бұл бағдарлама Қазақстан футболындағы бастапқы деңгейдегі сертификатталған бапкерлер санын арттыруға ықпал етеді.

Бұдан бөлек, Техникалық орталық UEFA «Pro» курсының тыңдаушылары үшін клубтардағы тағылымдамалары бойынша есептерді онлайн форматта қорғауды ұйымдастырды. Оған 20 бапкер қатысты. Осы кезең аясында қатысушылардың оқу барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану деңгейі бағаланды.

Сондай-ақ, Easy Coach цифрлық платформасын дамыту жұмыстары жалғасты. Маусым айында аталған платформа арқылы төрт білім беру бағдарламасы сүйемелденді. Платформада оқу материалдары орналастырылып, тыңдаушылармен байланыс жүргізіліп, білім беру деректерімен жұмыс ұйымдастырылды.

Шілде айында ҚФФ Техникалық орталығы UEFA «A», UEFA «C Futsal», жаңа UEFA «C» курстарын, сондай-ақ UEFA Doctor Education Programme бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, УЕФА-ның қолданыстағы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және бапкерлерді оқытуды цифрлық форматта сүйемелдеу жұмыстары жалғасады.

Айта кетсек, Астанада ҚФФ «Батыр жолы» футбол конференциясы өткізеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан