Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

15 сағат бұрын

Бүгін футболдан Бірінші лиганың ХІV тур ойындары басталады

Бүгін футболдан Бірінші лиганың ХІV тур ойындары басталады

Фото: «Шахтер» футбол клубы

Бүгін футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының ХІV туры басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Биыл түркістандық «Тұран», қарағандылық «Шахтер» Премьер-лигаға берілетін жолдамадан басты үміткерлер қатарында саналады.

Турнир кестесінде көш басында келе жатқан қарағандылық «Шахтер» бұл жолы сырт алаңда Павлодар облысының «Батыр» командасымен кездеседі.

Тағы бір ойында түркістандық «Тұран» сырт алаңда Түркістан облысының «Арысымен» шеберлік байқасады.

Ойындар кестесі

16 шілде

17:00. «Батыр» (Павлодар облысы) - «Шахтер» (Қарағанды)

18:00. «Арыс» (Түркістан облысы) - «Тұран» (Түркістан)

18:00. «Тараз» - «Ақтөбе-2»

19:00. «Хан тәңірі» (Алматы) - «Елімай-2» (Семей)

17 шілде

17:00. «Қайрат-2» (Алматы) - «Каспий-2» (Ақтау)

18:00. «Тобыл-2» (Қостанай) - «Академия Оңтүстік» (Шымкент)

19:00. «Астана-2» - «Жайық» (Орал).

Өткен жылы Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл бірінші лигада сынға түсіп қалды.

Қазір турнир кестесінде 13 ұпаймен «Шахтер» командасы келеді. Ал одан кейінгі орындардағы «Тұранның» 12, «Қайрат-2» клубының 11, «Тараз» бен «Академия Оңтүстіктің» 10 ұпайы бар.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының екінші раундына өтті.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан