Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Давид Есімбеков «Каспий» футбол клубы сапынан кетті

Давид Есімбеков «Каспий» футбол клубы сапынан кетті

Фото: «Каспий» футбол клубы

Давид Есімбеков «Каспий» футбол клубы сапынан кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Давид Есімбеков мансабын басқа клубта жалғастырады. «Каспий» футбол клубының намысын қорғаған уақыт ішінде көрсеткен еңбегің, жауапкершілігің және алаңдағы табандылығың үшін алғысымызды білдіреміз.

Клубымыздың бір бөлшегі болғаның үшін рақмет! Алдағы мансабыңда жаңа белестерді бағындырып, үлкен жеңістерге жете беруіңе тілектеспіз. Саған зор денсаулық, отбасыңа амандық және мол табыс тілейміз, - деп жазылған хабарламада.

Давид Есімбеков - талдықорғандық «Жетысу» футбол клубының түлегі. Кәсіби мансабын 2021 жылы «Жетысу» клубының жастар құрамында Екінші лигада бастады. 2023 жылдың наурыз айында Қазақстан Премьер-лигасында негізгі құрам сапында дебюттік кездесуін өткізді.

2024 жылы Ресейдің бірінші лигасында өнер көрсететін «Черноморец» футбол клубына ауысты. Кейіннен «Женіс» клубына жалға берілді. Өткен жылы «Жетісу» сапында өткізді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан