5 сағат бұрын
Португалиялық футболшы «Қайрат» сапына қосылды
Фото: «Қайрат футбол клубы
«Қайрат» футбол клубы португалиялық жартылай қорғаушы Густаво Мендонсамен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Келісім 2029 жылдың соңына дейін жасалды.
Густаво Португалияның Брага қаласында дүниеге келген және «Бенфика» академиясының түлегі. Ересектер деңгейінде португалиялық «Канелаш 2010» және АВС клубтарында өнер көрсетті. 2023/24 жылғы маусымның қорытындысы бойынша АВС құрамымен бірге Португалия чемпионатының жоғарғы дивизионына жолдама алды.
Өткен маусымда Мендонса АВС сапында Примейра-лигада 22 матчқа қатысты. Жалпы бұл клуб құрамында 58 ойын өткізіп, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Густаво Португалия 20 жасқа дейінгі жастар құрамасында ойын көрсеткен.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының екінші раундына өтті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан