Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» қатарынан жеті мәрте жеңіске жетті

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» қатарынан жеті мәрте жеңіске жетті

Фото: «Шахтер» футбол клубы

Бүгін футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының ХІV турының алғашқы ойын күні өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Турнир кестесінде екінші орында келе жатқан «Шахтер» (Қарағанды) сырт алаңда «Батыр» (Павлодар облысы) клубымен кездесті.

Кездесу барысында қарағандылық клубтан Андрей Ульшин 38-минутта гол соқса, 61-минутта Рифат Нұрмағамбет қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Шахтер» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, 37 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Олар қатарынан жеті мәрте жеңіске жетті. Олардың екінші орындағы 35 ұпаймен келе жатқан «Қайрат-2» клубынан бір ойыны артық.

Ойындар нәтижесі

16 шілде

«Батыр» (Павлодар облысы) - «Шахтер» (Қарағанды) 0:2

«Арыс» (Түркістан облысы) - «Тұран» (Түркістан) 0:4

«Тараз» - «Ақтөбе-2» 1:1

«Хан тәңірі» (Алматы) - «Елімай-2» (Семей) 0:1

Енді 17 шілдеде аталған турда тағы екі ойын өткііледі.

Ойындар кестесі

17 шілде

17:00. «Қайрат-2» (Алматы) - «Каспий-2» (Ақтау)

18:00. «Тобыл-2» (Қостанай) - «Академия Оңтүстік» (Шымкент)

19:00. «Астана-2» - «Жайық» (Орал).

Былтыр Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл бірінші лигада сынға түсіп қалды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан