5 сағат бұрын
«Тобыл» Мейрамбек Қалмырза жайында мәліметті жариялады
Фото: «Тобыл» футбол клубы
«Тобыл» футбол клубы жартылай қорғаушы Мейрамбек Қалмырзаның 2026 жылдың соңына дейін «Каспий» клубына жалға берілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Мейрамбек Қалмырза 2002 жылы 15 желтоқсанда дүниеге келген. «Астана» футбол клубының түлегі «Оқжетпес», «Жетісу», «Тобыл» футбол клубтарында ойын көрсеткен.
2022-2024 жылдары Қазақстан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасында ойын көрсетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Тобыл» Ислам Чесноковқа қатысты қауесетке жауап берді.
.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан