3 сағат бұрын
Қазақстан UEFA коэффициенттер кестесінде 36-орнын сақтап қалды
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Қазақстан еурокубоктағы бірінші іріктеу кезеңінің қарымта матчтарынан кейін UEFA коэффициенттер кестесінде 36-орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Коэффициент бойынша биылғы маусымда командалардың жинаған ұпайының жалпы саны еурокубокқа қатысатын қауымдастық клубтарының санына бөлінеді. Оған қоса алдыңғы төрт маусымның нәтижесі ескеріледі. Коэффициенттер тең болған жағдайда алдыңғы маусымдағы жоғары коэффициентпен байланысы ескеріледі.
Алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде черногориялық «Сутьесканы» (2:1, 2:0) есебімен қапы қалдырды. Енді олар екінші іріктеу кезеңінде Кипрдің «Омония» клубымен шеберлік байқасады.
Ал UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» Албанияның «Динамо Сити» (1:0, 1:4), семейлік «Елімай» Арменияның «Алашкерт» (1:1, 2:2, пенальтиден 5:6) есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.
1.Англия – 101,852;
2.Италия – 87,660;
3. Испания – 82,368;
4. Германия – 80,116;
5. Франция – 67,653;
6. Португалия – 62,650;
7. Бельгия – 56,850;
8. Нидерланд – 50,729;
9. Түркия – 46,375;
10. Чехия – 43,025;
...
34. Босния және Герцеговина – 12,718;
35. Косово – 12,406;
36. Қазақстан – 11,875;
37. Латвия – 11,500;
38. Финляндия – 11,250;
39. Молдова – 10,000.
Енді UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде қостанайлық «Тобыл» Литваның «Паневежис» клубымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан