Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Футболдан Бірінші лигада «Қайрат-2» ешкімге дес берер емес

Футболдан Бірінші лигада «Қайрат-2» ешкімге дес берер емес

Фото: Kffleague.kz

Бүгін футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының ХІV туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл турдағы екінші ойын күні, 17 шілдеде тағы үш ойын өткізілді. Алматылық «Қайрат-2» командасы өз алаңында ақтаулық «Каспий-2» командасын қабылдаған еді. Кездесу барысында ақтаулық командадан Жанер Жазмағамбетов 16-минутта автогол авторы атанса, одан кейін алматылық клубтан Кәрім Махаметжан 26-минутта пенальтиден есепті үстемелей түсті.

Екінші кезеңде Евгений Петрик 49, 71-минутта екі гол соқса, одан кейін Абылайхан Төлеухан 76, Әкежан Каликулов 94-минутта мергендік танытты.

Осылайша «Қайрат-2» қарсыласынан 6:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Олар қатарынан 12 мәрте жеңіске жетті.

Ойындар нәтижесі

16 шілде

«Батыр» (Павлодар облысы) - «Шахтер» (Қарағанды) 0:2

«Арыс» (Түркістан облысы) - «Тұран» (Түркістан) 0:4

«Тараз» - «Ақтөбе-2» 1:1

«Хан тәңірі» (Алматы) - «Елімай-2» (Семей) 0:1

Енді 17 шілдеде аталған турда тағы екі ойын өткііледі.

17 шілде

«Қайрат-2» (Алматы) - «Каспий-2» (Ақтау) 6:0

«Тобыл-2» (Қостанай) - «Академия Оңтүстік» (Шымкент) 2:3

«Астана-2» - «Жайық» (Орал) 1:0.

Былтыр Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл бірінші лигада сынға түсіп қалды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан UEFA коэффициенттер кестесінде 36-орнын сақтап қалды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан