15 сағат бұрын
Давид Есімбеков – «Ертіс» ойыншысы
Фото: «Ертіс» футбол клубы
«Ертіс» футбол клубы 21 жастағы жартылай қорғаушы Давид Есімбековпен еңбек келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Давид – «Жетісу» футбол клубының түлегі. Кәсіби мансабын 2021 жылы талдықорғандық клубтың Екінші лигада өнер көрсеткен жастар құрамында бастады. Кейін негізгі команда сапында ойнап, сондай-ақ Ресейдің «Черноморец» және елордалық «Жеңіс» клубтарының намысын қорғады.
Жас жартылай қорғаушының еншісінде Қазақстан Премьер-лигасындағы 59 матч бар. Өткен маусымда «Жетісу» сапында Премьер-лигада 25 ойын өткізсе, биыл ақтаулық «Каспий» құрамында 15 матчқа қатысты. Сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасының намысын қорғаған.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ертіс» құрамындағы өзгерістерді жариялады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан