Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

15 сағат бұрын

ҚФФ Бас хатшысы Шымкентте жұмыс сапармен болды

ҚФФ Бас хатшысы Шымкентте жұмыс сапармен болды

Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Скотт Манн Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Sport12.kz,

Іссапар барысында ол Премьер-лиганың 18-ші туры аясындағы «Ордабасы» мен «Елімай» командалары арасындағы матчты тамашалады. Скотт Манн матч ұйымдастырылуымен танысып, «БИІК» спорт базасындағы инфрақұрылымды егжей-тегжейлі зерттеді.

Бұған дейін Скотт Манн еліміздің бірнеше өңірін аралап үлгерді. Ол Алматыдағы менхенгладбахтық «Боруссияға» қарсы QJ League All Star матчында, Премьер-лиганың 17-ші турындағы «Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы орталық ойында, сондай-ақ Конференция лигасы аясындағы «Елімай» – «Алашкерт» еурокубоктық бәсекесінде болды. Сонымен қатар, Бас хатшы Семей қаласына ерекше көңіл бөліп, аймақтық федерацияның инфрақұрылымымен және футболды дамыту бағдарламасымен танысты.

Бас хатшының жоспарында Қазақстанның барлық өңіріне жұмыс сапарымен бару көзделген. Іссапарлардың негізгі мақсаты – жергілікті футбол құрылымдарымен тығыз байланыс орнату, өңірлердегі жағдайды зерделеу және отандық футболды одан әрі дамыту үшін өзара іс-қимыл сапасын арттыру.

Еске салсақ, Футболдан Әлем чемпионатының тағы бір қатысушысы бас бапкерімен қоштасты.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан