14 сағат бұрын
Дархан Бердібек «Ертіс» ойыншысы атанды
Фото: «Ертіс» футбол клубы
«Ертіс» футбол клубы 22 жастағы жартылай қорғаушы Дархан Бердібекпен еңбек келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дархан ақтаулық «Каспий» футбол клубының түлегі. Кәсіби мансабын 2021 жылы жастар құрамында бастап, бір жылдан кейін Қазақстан Премьер-лигасында негізгі команда сапында дебют жасады. Сонымен қатар «Ақтөбе» және елордалық «Жеңіс» клубтарында өнер көрсетті. Биылғы маусымның алғашқы бөлігін «Каспий» сапында өткізіп, 10 матчқа қатысты.
Жас жартылай қорғаушының еншісінде Қазақстан Премьер-лигасындағы 44 матч пен 3 гол бар. Сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасында да өнер көрсеткен.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ертіс» футбол клубы 21 жастағы жартылай қорғаушы Давид Есімбековпен еңбек келісімшартына қол қойды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан