Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

ҚФФ матч-менеджерлер мен қауіпсіздік қызметкерлеріне арналған семинар өткізді

ҚФФ матч-менеджерлер мен қауіпсіздік қызметкерлеріне арналған семинар өткізді

Фото: inform.kz

21 шілдеде Қазақстан футбол федерациясы кәсіби футбол клубтарының матч-менеджерлері мен қауіпсіздік қызметкерлеріне арналған онлайн форматта семинар ұйымдастырды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Семинарда ҚФФ Бас хатшысы Скотт Манн төрағалық етті. Бас хатшы соңғы уақытта Қазақстан Премьер-лигасының бірнеше матчын арнайы тамашалағанын айтып, матчты ұйымдастыру деңгейі жоғары екенін айтты.

Жақында Скотт Манн арнайы іссапармен Шымкенттегі «Ордабасы» мен «Елімай» арасындағы турдың басты кездесуінде болды. Ал оған дейін Семейде УЕФА Конференциялар лигасы аясында өткен «Елімай» – «Алашкерт» ойынын тамашалады. Сонымен қатар, Бас хатшы «Жеңіс» – «Ұлытау» және «Астана» – «Ақтөбе» матчтарына да барып, ұйымдастырылу барысымен танысты.

Аталған сапарлар матчты ұйымдастыру деңгейін, стадион дайындығы мен инфрақұрылымды бағалау мақсатында өтті. Бұған қоса, ҚФФ Бас хатшысы клубтардың басшылығы және жауапты мамандарымен кездесіп, матчты өткізуге қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Скотт Манн матч-менеджмент жүйесін жетілдіру мен қауіпсіздік қызметтің жұмысын тұрақты түрде дамыту – кәсіби клубтардың негізгі бағыттарының бірі екенін айтты. Оның сөзінше, дәл осы бағыттар көрерменге қолайлы жағдай жасап, матчтың қауіпсіз әрі жоғары деңгейде өтуіне негіз болады.

Семинар барысында қатысушыларға матчты ұйымдастыруға қойылатын өзекті талаптар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және т.б. мәселелер кеңінен түсіндірілді.

Іс-шараға клуб өкілдері, ҚФФ-ның Кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясы, Жарыстар қауіпсіздігі қызметі және Интегрити бөлімінің мамандарынан ұсыныстар алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

ҚФФ мұндай семинарларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Бұл бастама жарысты ұйымдастыру сапасын арттыруға, қауіпсіздік талаптарын жетілдіруге бағытталған.

Еске салсақ, бұдан бұрын Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан