11 сағат бұрын
Астанада футбол дәрігерлеріне арналған білім беру семинары өтті
Фото: ҚФФ
20-22 шілде аралығында Астанада футбол дәрігерлеріне арналған білім беру семинары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Іс-шара шұғыл медициналық көмек көрсету, футболдағы жарақаттарды диагностика жасау және емдеу мәселелеріне арналды.
Семинарға Қазақстанның футбол клубтары мен академияларында қызмет ететін медицина мамандары қатысты. Бағдарламаның негізгі мақсаты – футбол саласында жұмыс істейтін дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және жаттығулар мен матчтар кезінде ойыншыларға алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіру болды.
Үш күн бойы қатысушылар матчтарды медициналық сүйемелдеудің негізгі қағидаларын меңгерді. Бағдарлама аясында алаңдағы шұғыл әрекеттер алгоритмі, матч алдындағы және матчтан кейінгі дайындық, медициналық сөмкені жабдықтау, ойыншының жағдайын бастапқы бағалау, сондай-ақ жүрек тоқтауы, шок және тұншығу жағдайларында көрсетілетін көмек мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар анафилаксия, астма, құрысу, қант диабетіне байланысты шұғыл жағдайлар, бас жарақаттары мен ми шайқалуы сияқты медициналық төтенше жағдайларға ерекше назар аударылды. Қатысушылар мұндай жағдайлардың белгілерін анықтау, диагностика жасау, бағалау және ойыншыларды әрі қарай медициналық сүйемелдеу мәселелерін талқылады.
Семинардың қорытынды бөлімі жарақатқа байланысты шұғыл жағдайларға арналды. Мамандар омыртқа, бас және бет, кеуде қуысы, іш қуысы, жамбас пен аяқ-қол жарақаттарын, сондай-ақ ауырсынуды басу, жансыздандыру және жараларды емдеу тәсілдерін жан-жақты қарастырды.
Бағдарлама теориялық сабақтармен қатар практикалық жаттығуларды да қамтыды. Бұл қатысушыларға алған білімдерін бекітіп, футбол матчтары барысында туындауы мүмкін түрлі жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы ЦП-футболдан әлем чемпионатында алғаш рет өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан