7 сағат бұрын
Чемпиондар лигасы: «Омония» - «Қайрат» кездесуінң негізгі құрамы белгілі болды
Фото: UEFA.com
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Омония» (Никосия, Кипр) - «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) кездесуінің негізгі құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кездесу бүгін, 22 шілдеде Қазақстан уақытымен 22:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Кездесуде бас төреші міндеті португалиялық Густаво Коррееге жүктелген. Оған отандастары Андре Диаш пен Андрея Соуза көмектеседі. Төртінші төреші міндетін сол елдің өкілі Жозе Бесса атқарады. VAR жүйесіне Андре Нарсишу жауап берсе, бейне төрешінің көмекшісі қызметінде Элдер Мальейру болады.
«Омония»: Фабиано (Қ) – Юре Балковец, Николас Панайоту, Сену Кулибали, Лоик Него – Муамер Танкович, Матео Марич, Панайотис Андреу – Эвандро, Андроникос Какулли, Джейден Монтнор;
Қосалқы құрам: Фрэнсис Узохо (Қ), Пантелис Михаил (Қ) – Стефан Симич, Панайотис Христофору, Христос Константинидис – Андреас Христу, Карел Эйтинг, Иоаннис Кусулос – Тасос Хадзийованис, Михлали Маямбела, Кертис-Джуниор Макоссо, Лоис Дьони;
Бас бапкер: Хеннинг Берг;
«Қайрат»: Темірлан Анарбеков (Қ) – Луиш Мата, Александр Мартынович (К), Лукас Африко, Еркін Тапалов – Әділет Садыбеков, Якко Оксанен – Ойва Юккола, Жоржиньо, Александр Мрынский – Марк Гуаль;
Қосалқы құрам: Шерхан Қалмырза (Қ), Данила Буч (Қ) – Лев Кургин, Александр Широбоков, Дамир Қасаболат, Адлан Нұрғалиев – Густаво Мендонса, Олжас Байбек, Азамат Тұяқбаев, Мансур Біркұрманов – Эдмилсон, Исмаил Бекболат;
Бас бапкер: Рафаэль Уразбахтин.
Бұл командамен алматылық команданың жолы бұдан бұрын 2021/2022 жылғы маусымда Конференция лигасы топтық кезеңінде түйіскен еді. Ол жолы екі кездесуде де 0:0 есебі тіркелді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан