Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Скотт Манн Қазақстан Премьер-лигасының төрешілерімен кездесті

Скотт Манн Қазақстан Премьер-лигасының төрешілерімен кездесті

Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн Қазақстан Премьер-лигасының бас төрешілері, қапталдағы төрешілері және VAR мамандарына арналған кезекті семинар аясында төрешілермен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Іс-шара Астанада алдағы чемпионат турларына дайындық шеңберінде өтті.

Семинар ҚФФ бас хатшысының жоғарғы дивизион матчтарына қызмет көрсететін төрешілермен кездесуінен басталды. Скотт Манн төрешілер корпусының кәсіби футболды дамытудағы маңызды рөлін атап өтіп, Федерация төрешілік сапасын арттыруға, төрешілерді даярлауға және бірыңғай жұмыс стандарттарын енгізуге ерекше көңіл бөлуді жалғастыратынын жеткізді.

Семинар бағдарламасы аясында қатысушылар Ойын ережелері, VAR бойынша тест тапсырды, сондай-ақ ойын эпизодтарына арналған бейнетестілеуден өтті. Бұл бас төрешілердің, қапталдағы төрешілердің және VAR мамандарының Қазақстан Премьер-лигасы матчтарындағы алдағы жұмысына дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.

Семинардың негізгі бөлігі ойын эпизодтарын талдауға арналды. Қатысушылар УЕФА материалдарын, сондай-ақ Қазақстан Премьер-лигасы, Бірінші және Екінші лига матчтарындағы жағдайларды жан-жақты саралады. Мұндай тәсіл негізгі шешімдерге қатысты бірыңғай ұстаным қалыптастырып, төрешілік сапасының тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар теориялық білімдерін жаңартып, практикалық эпизодтарды талқылады және алдағы чемпионат турларында жұмыс істеуге қатысты қосымша әдістемелік ұсынымдар алды.

Еске салсақ, бұдан бұрын ҚФФ матч-менеджерлер мен қауіпсіздік қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан