7 сағат бұрын
Христос Цолис «Арсенал» сапына қосылды
Фото: haberaktuel.com
Англияның «Арсенал» командасы грекиялық Христос Цолисті қатарға қосқанын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Футболшы бұған дейін Бельгияның «Брюгге» клубында ойын көрсеткен еді. Англиялық команда оны 40 млн еуроға сатып алды.
Христос Цолис 2002 жылы 30 қаңтарда дүниеге келді. Қазірге дейін ПАОК (Грекия), «Норвич Сити» (Англия), «Твенте» (Нидерланд), «Фортуна» (Германия) клубтарында доп тепті.
2020 жылдан бері Грекия құрамасы сапында ойын көрсетіп келеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Лондонның «Арсенал» клубы «Борнмуттың» жас шабуылшысы Эли Жуниор Крупиге қызығушылық танытты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан