7 сағат бұрын
Дзюдодан Азия ойындарына кімдер қатысады?
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Роберт Мшвидобадзе дзюдодан Азия ойындарына қатысатын соңғы құрам қашан белгілі болатыны жөнінде айтып берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде тәжірибелі маман Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтты.
– Азия ойындарына қатысатын түпкілікті құрам жарыс басталардан үш-төрт апта бұрын өтетін қорытынды бақылау-жаттығу жиынынан кейін бекітіледі. Қазіргі таңда алдын ала тізім жасақталған. Оған әлем чемпионаты мен Grand Slam турнирлерінің жүлдегерлері, салмақ дәрежелеріндегі көшбасшылар, сондай-ақ, Қазақстан чемпионаты мен ішкі іріктеуде үздік нәтиже көрсеткен спортшылар енгізілді. Қазір бұл тізім жаттықтырушылар штабы мен кешенді ғылыми топтың қарауында, - деді ол.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің келісімімен, Қазақстан дзюдо федерациясы басшылығының шешімімен Имашев Айбек Әсетұлы Қазақстан дзюдо федерациясының Бас хатшысы қызметіне тағайындалды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан