Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

«Батыр жолы» конференциясына әлемдік деңгейдегі сарапшылар келеді

«Батыр жолы» конференциясына әлемдік деңгейдегі сарапшылар келеді

Фото: ҚФФ

5 тамыз күні Астанада өтетін KFF Football Conference 2026 «Батыр жолы» конференциясына әлемдік футболдағы беделді мамандар қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алдағы форумның негізгі сарапшылары:

Фрэнк Людольф – УЕФА-ның техникалық кеңесшісі. Ол 30 жылға жуық уақыт бойы УЕФА жүйесінде жаттықтырушыларды даярлау мен техникалық дамуға жетекшілік етіп, Еуропадағы бірыңғай жаттықтырушылық білім беру жүйесін қалыптастыруға үлес қосты.

Стив Морроу – FIFA сарапшысы, Лондонның «Арсенал» клубының бұрынғы ойыншысы әрі скаутинг және таланттарды анықтау бағытындағы халықаралық маман. Ол «Арсенал», Англия футбол қауымдастығы (The FA) және FIFA жобаларында жұмыс істеген.

Аарон Бриггс – УЕФА мен FIFA сарапшысы. Өз мансабында «Манчестер Сити», «Монако», «Вольфсбург» және «Ливерпуль» клубтарында қызмет атқарып, қазіргі футболдағы тактикалық дайындық, ойыншыларды дамыту және ойын моделін қалыптастыру бойынша мол тәжірибе жинақтады.

Конференция барысында халықаралық сарапшылар ұлттық футбол болмысын қалыптастыру, ойыншыларды дамыту, скаутинг, жаттықтырушыларды даярлау және заманауи футболдың негізгі трендтері туралы өз тәжірибелерімен бөліседі.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан