Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

Мирослав Ромащенко «Тобылдың» Конференция лигасындағы мүмкіндігін саралады 

Мирослав Ромащенко «Тобылдың» Конференция лигасындағы мүмкіндігін саралады 

Фото: «Тобыл» футбол клубы

Қостанайлық «Тобыл» командасының бас бапкері Мирослав Ромащенко Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі Литваның «Паневежис» командасына қарсы қарымта кездесу жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Алғашқы кездесуде бастапқыда жігіттер қобалжығандай болды. Себебі ойыншылардың басым бөлігі үшін бұл еурокубоктағы мансабындағы алғашқы матч болды. Соған қарамастан, біз допқа иелік етіп, басымдыққа ие болдық, қарсылас қақпасына қауіпті шабуылдар ұйымдастырдық.

Үзілісте жігіттерді сабырға шақырып, допсыз да, доппен де жылдам жұмыс істеулерін сұрадық. Соның нәтижесінде көптеген қауіпті сәттер жасадық, оның ішінде пенальти де бар. Өкінішке қарай, сол мүмкіндіктердің біреуін ғана голға айналдыра алдық. Бұл жерде қарсылас қақпашысының еңбегін атап өткен жөн. Ол бүгін өте жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Бұл – екі матчтан тұратын бәсекенің алғашқысы ғана. Барлығы Қостанайда шешіледі. Қазір назарымызды чемпионатқа аударамыз, содан кейін «Паневежиске» қарсы қарымта кездесуге толық дайындаламыз. Келесі кезеңге өтіп, жанкүйерлерімізді қуанту үшін барымызды саламыз», - деді ол.

Литвада өткен алғашқы кездесуде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан