8 сағат бұрын
Демият Сламбеков жаңа командасына ресми түрде қосылды
«Ертіс» футбол клубы 29 жастағы қорғаушы Демият Сламбековпен келісімшартқа қол қойғанын мәлім етті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Демият Алматылық «Цесна» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Сондай-ақ шетелдік «Оле Бразил» академиясында дайындықтан өткен.
Кәсіби мансабын 2015 жылы елордалық «Бәйтерек» клубында бастаған. Әр жылдары «Оқжетпес», «Жетісу», «Ақтөбе», «Қайсар», «Ұлытау» клубтарының намысын қорғап, Литваның «Стумбрас» және «Хегельманн Каунас» командаларында да өнер көрсетті.
Павлодарлық жанкүйерлерге «Ақсу» сапындағы ойынымен жақсы таныс. Аталған клубпен бірге Бірінші лиганың чемпионы атанған. «Ертіске» ауысар алдында Петропавлдың «Қызылжар» клубында өнер көрсетті. Биылғы маусымда 14 матчқа қатысып, 1 голдың авторы атанды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан