14 сағат бұрын
Бүгін Қазақстан Премьер лигасының ХІХ тур ойындары басталады
Фото: «Ордабасы» футбол клубы
Футболдан ел біріншілігінің ХІХ турының ойындары басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл турдағы ойындар 25 және 26 шілде күндері өткізіледі. Алдымен 25 шілдеде үш ойын болса, 26 шілдеге бес кездесу белгіленген.
ХІХтур
25 шілде
18:00. «Жетісу» (Талдықорған) - «Қызылжар» (Петропавл)
Командалар турнир кестесінде төменгі орындарда келеді. Сондықтан бүгінгі кездесудегі үш ұпай қай-қайсысының да жағдайын жақсарта түседі. Оған екеуінің де мүмкіндігі бар. Талдықорғандық команда соңғы үш турда қатарынан жеңілістің ащы дәмін татты. Петропавлдық клуб қатарынан бес мәрте қарсыластың ығына жығылып, өткен турда ғана тең нәтижеге қол жеткізді.
18:00. «Ұлытау» (Жезқазған) - «Ертіс» (Павлодар)
Биыл жинақы қимылымен көзге түсіп жүрген жезқазғандық клуб үш ұпай олжалап, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алуға мүмкіндік туып отыр. Себебі, павлодарлық команда доп додасын өте сәтсіз өткізіп келеді. Олар сәуір айынан бері ел біріншілігінде жеңістің кілтін таба алар емес. Сегіз мәрте қарсыластарына есе жіберсе, қалғанында тең нәтижеге қанағат білдірді. Маусым барысында олар үш мәрте бас бапкерді ауыстыруға мәжбүр болды. Соған қарамастан оң нәтижеге қол жеткізе алмай жүр. Турнир кестесінде соңғы орынды місе тұтып тұрған жағдайы бар.
20:00. «Ақтөбе» - «Оқжетпес» (Көкшетау)
Маусым басында бас жүлдеден үміткер ретінде танылған ақтөбелік клуб жанкүйер сенімін ақтай алмай жүр. Қазір турнир кестесінде орта тұсында келеді. Десе де әлі де үздік үштіктен көрінуге үмітін үзе қойған жоқ. Есесіне «Оқжетпес» тәп-тәуір көрсеткішімен көзге түсті. Қазір үшінші орында тұр. Алғашқы айналымдағы өзара кездесуде 2:2 есебі тіркелді. Бұл жолы қалай болады? Оны ойын барысында бағамдайтын боламыз.
26 шілде
18:00. «Тобыл» (Қостанай) - «Атырау»
Жылмы-жыл үздіктер қатарынан көрініп жүрген қостанайлық команда биыл доп додасында сылбыр ойынымен жанкүйерлер көңілін таба алар емес. «Атыраудың» да жағдайы мәз емес. Кейінгі турларда қарсыластарына есе жіберіп қойды. Үш кездесуде жеңілістің ащы дәмін татты. Бүгінгі кездесу қалай аяқталатынын алдын-ала болжау өте қиын. Қайсысы жинақы қимылдап, жақсы ойын өрнегімен көзге түссе, сол команданың мерейі үстем болуы тиіс.
19:00. «Астана» - «Алтай» (Өскемен)
Еліміздің жеті дүркін чемпионы «Астана» біріншілік барысында сылбыр ойынымен жанкүйер көңілінен шыға алған жоқ. Соған қарамастан соңғы турларда оң нәтижеге қол жеткізе бастады. Бұл турнир кестесіндегі жағдайын біршама жаөсартуға өз әсерін тигізді. Оған қоса команда құрамына жаңадан футболшылар келді. Биыл еурокубок ойындарын бірінші кезеңде аяқтауға мәжбүр болды. Ендеше, олар алдағы уақытта команда жағдайын жақсарта түсуге назар аударатыны анық. Десе де «Алтай» қазірге дейін ешкімге ұпайды оңайлықпен бере қоймайтынын байқатып отыр.
19:00. «Елімай» (Семей) - «Қайсар» (Қызылорда)
Өз тарихында алғаш рет еурокубокта ойнауға мүмкіндік алған семейлік клуб Конференция лигасы бірінші кеезңінен әріге бара алған жоқ. Енді олар ел біріншілігінде жақсы көрсеткішке қол жеткізуге тырысады. Сондықтан олардың бұл кездесу барысында тең жеңіске ойнайтыны анық. Оған қызылордалық клуб қандай қауқар көрсете алады? Жанкүйерлер бұл кездесуден тартысты ойын күтеді.
19:00. «Қайрат» (Алматы) - «Ордабасы» (Шымкент)
Биыл бас жүлдеден басьы үміткер қос команда Алматыда бас қосады. Алғашқы айналымда Шымкентте өткен кездесуде «Ордабасы» қарсыласын қапы қалдырған еді. Бұл жолы алматылық ұжым сол кеткен есесін қайтара ала ма? Қысқасы, бұл кездесуді жанкүйерлер асыға күтіп отыр. Матч барысында қарсыластар жеңіске жетуге бар күшін салатыны анық. Өйткені, ойын барысында жеңіске жеткен команданың чемпиондық атаққа қол жеткізу мүмкін
20:00. «Каспий» (Ақтау) - «Жеңіс» (Астана)
Қызылордада өтетін кездесуде ақтаулық клубтың жеңіске жету мүмкіндігі зор. Олар соңғы төрт турда ұтылған жоқ. Алдағы ойында қарсыласын қапы қалдырып жатса, олар турнир кестесіндегі жағдайын одан әрі жақсарта түседі. Оған астаналық клуб мүмкіндік бере ме? Олар жазғы трансфер кезеңінде команда құрамын жақсартып алды. Бұл кездесуде тартысты ойын болады деген үміт бар.
Еске салсақ, бұдан бұрын ҚФФ ҚПЛ клубтары мен футболшыларына тәртіптік жаза қолданды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан