2 күн бұрын
Дастан Сәтпаев «Челси» сапында қашан негізгі құрамда алаңға шығады
Фото: threads.com/@chelsea.forum
Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев лондондық «Челси» (Англия) командасының маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынында алғаш рет негізгі құрамда қашан шыға алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Аустралияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында англиялық клуб бірінші кездесуін аустралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы өткізеді. Бұл ойын 28 шілдеде Сидней қаласындағы «Аккор» стадионында Қазақстан уақытымен 14:45-те басталады. Аталған матч лондондық клубтың Аустралия және Азия құрлығында өтетін сапарын бастайды.
Дастан Сәтпаев маусым алдындағы «Челси» командасының оқу-жаттығу жиынына аттанған ресми тізімдегі 27 футболшының қатарына енгізілді.
Аустралияға аттанған ойыншылар құрамында Коул Палмер, Лиам Делап, Джейми Гиттенс, Жоау Педру және Эстевао секілді танымал ойыншылар бар. Бұл тізімге барлығы 27 футболшы енген.
Аталмыш клуб оқу-жаттығу жиыны барысында бірнеше жолдастық кездесу өткізеді. Атап айтқанда, «Вестерн Сидней Уондерерс» (Аустралия), «Тоттенхэм» (Англия), «Ювентус» (Италия), «Милан» (Италия) және «Джохор Дарул Тазим» (Малайзия) клубтарымен шеберлік байқасады.
Оқу-жаттығу жиыны барысында Дастан Сәтпаев жаңа командасында қандай нөмірлі жейдемен ойын көрсететіні белгілі болды. Оған 36 нөмірлі жейде берілді.
Айта кетсек, лондондық клуб сапында Дастан Англияда өткен екі жолдастық кездесуге қатысты. Алдымен сол елдің «Кроули Таун» клубымен кездессе, одан кейін «Бромлимен» жасыл алаңға шықты.
Айта кетейік, 2024 жылдың мамыр айында Сәтпаев «Қайрат» командасында дебют жасаған ең жас ойыншы ретінде тарихқа енген болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан