Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

11 сағат бұрын

Қазақстан UEFA-ның коэффициенттер кестесінде төмен сырғыды

Қазақстан UEFA-ның коэффициенттер кестесінде төмен сырғыды

Фото: «Тобыл» футбол клубы

Қазақстан UEFA-ның еурокубок ойындарының екінші кезеңінің бірінші матчтарынан кейін жаңартылған коэффициенттер кестесінде бір орынға төмендеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Еліміз бұл кестеде 36-орыннан 37-ге сырғыды. Қазақстандық клубтар бес жылдық коэффициент бойынша 12.000 балл жинақтаған.

Бұл аптада қостанайлық «Тобыл» ел қоржынына ұпай қосты. Қазақстандық команда UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің бірінші ойынында сырт алаңда литвалық «Паневежис» клубымен 1:1 есебімен тең ойнады. Бұл көрсеткіш Қазақстан қоржынына 0,125 балл алып келді.

Ал алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда кипрлік «Омонияға» 0:1 есебімен жол берді. Осылайша олар коэффициент қоржынын толықтыруға ешқандай үлес қоса алған жоқ. Жинақталған ұпайлар еурокубок маусымында ассоциациялар бойынша бақ сынаған командаларға бөлінеді.

Жаңартылған коэффициенттер кестесінде Латвия Қазақстанды басып озды. Олар 12.250 баллмен 36-орынға табан тіреді. Бізден кейін Финляндия 11.625 баллмен 38-орында келеді.

Айта кетсек, «Қайрат» - «Омония» кездесуі 29 шілдеде Алматы қаласында өткізілсе, бір күннен кейін «Тобыл» Қостанайда «Паневежисті» қабылдайды. Бұл ойындардағы оң көрсеткіштер UEFA-ның коэффициенттер кестесінде жағдайды жақсартуға өз әсерін тигізеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан