Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

ҚПЛ. «Жетісу» қатарынан төртінші мәрте жеңілді

ҚПЛ. «Жетісу» қатарынан төртінші мәрте жеңілді

Фото: «Жетісу» футбол клубы

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ХІХ турындағы «Жетісу» (Талдықорған) -«Қызылжар» (Петропавл) кездесуінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Командалар турнир кестесінде төменгі орындарда келеді. Сондықтан бүгінгі кездесудегі үш ұпай қай-қайсысының да жағдайын жақсарта түседі. Оған екеуінің де мүмкіндігі бар. Талдықорғандық команда соңғы үш турда қатарынан жеңілістің ащы дәмін татты. Петропавлдық клуб қатарынан бес мәрте қарсыластың ығына жығылып, өткен турда ғана тең нәтижеге қол жеткізді.

Бүгінгі кездесу барысында петропавлдық клубтан Александр Нойок 57, Стефан Баокен 82-минутта екі гол соқса, оған 71-минутта талдықорғандық клубтан Нұрбол Әнуарбеков бір голмен жауап қайырды.

Осылайша «Жетісу» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді. Бұл - олардың қатарынан төртінші жеңілісі. Петропавлдық команда алты турдан кейін жеңіск еқол жеткізе алды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан