7 сағат бұрын
ҚПЛ: «Ертіс» он үшінші ойыннан кейін жеңіске жетті
Фото: «Ертіс» футбол лубы
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ХІХ турындағы «Ұлытау» (Жезқазған) - «Ертіс» (Павлодар) кездесуінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Биыл жинақы қимылымен көзге түсіп жүрген жезқазғандық клуб үш ұпай олжалап, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алуға мүмкіндік туды. Себебі, павлодарлық команда доп додасын өте сәтсіз өткізіп келеді. Олар сәуір айынан бері ел біріншілігінде жеңістің кілтін таба алған жоқ. Сегіз мәрте қарсыластарына есе жіберсе, қалғанында тең нәтижеге қанағат білдірді. Маусым барысында олар үш мәрте бас бапкерді ауыстыруға мәжбүр болды. Соған қарамастан оң нәтижеге қол жеткізе алмай жүр.ген еді.
Кездесу барысында павлодарлық клубтың белсенділігі байқалды. Нәтижесінде олардың қатарынан Марко Евтич 17, Жан-Морел По 46-минутта гол соқса, Мартин Давид Анане 38-минутта бір гол енгізді.
Осылайша «Ертіс» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Жетісу» қатарынан төртінші мәрте жеңілді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан