Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

11 сағат бұрын

Дастан Сәтпаевқа Аустралияда қазақстандық жанкүйерлер қолдау көрсетті

Дастан Сәтпаевқа Аустралияда қазақстандық жанкүйерлер қолдау көрсетті

Фото: threads.com/@chelsea.forum

Дастан Сәтпаев Англияның «Челси» командасы сапында Аустралиядағы алғашқы жаттығуын жасады, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Челсидің» жаттығуын 4500 жанкүйер тамашалады. Олардың арасында Қазақстан туын көтеріп, «Қайрат» клубының жейдесін киген жанкүйерлер де болды.

Аустралияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында англиялық клуб бірінші кездесуін аустралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы өткізеді. Бұл ойын 28 шілдеде Сидней қаласындағы «Аккор» стадионында Қазақстан уақытымен 14:45-те басталады. Аталған матч лондондық клубтың Аустралия және Азия құрлығында өтетін сапарын бастайды.

Дастан Сәтпаев маусым алдындағы «Челси» командасының оқу-жаттығу жиынына аттанған ресми тізімдегі 27 футболшының қатарына енгізілді.

Аустралияға аттанған ойыншылар құрамында Коул Палмер, Лиам Делап, Джейми Гиттенс, Жоау Педру және Эстевао секілді танымал ойыншылар бар. Бұл тізімге барлығы 27 футболшы енген.

Аталмыш клуб оқу-жаттығу жиыны барысында бірнеше жолдастық кездесу өткізеді. Атап айтқанда, «Вестерн Сидней Уондерерс» (Аустралия), «Тоттенхэм» (Англия), «Ювентус» (Италия), «Милан» (Италия) және «Джохор Дарул Тазим» (Малайзия) клубтарымен шеберлік байқасады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан