7 сағат бұрын
ҚПЛ: «Астана» «Алтайды» ірі есеппен жеңді
Фото: «Астана» футбол клубы
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ХІХ турында елордалық «Астана» өз алаңында «Алтай» командасынан басым түсті, деп хабаралйды Sport12.kz.
Кездесу барысында елордалық клубтан Бауыржан Исламхан 8-минутта есеп ашса, оған 12-минутта өскемендік клубтан Ибрагим Дадаев бір голмен жауап қайырды.
Одан кейін елордалық клубтан Марион Томасов 34, Рамазан Кәрімов 60, Станислав Басманов 62-минутта үш гол соғып кетті.
Нәтижесінде «Астана» қарсыласын 4:1 есебімен жеңді.
Айта кетсек, бұған дейін қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Атырауды» 1:0 есебімен жеңді.
Айта кетсек, бұл турда 25 шілдеде жезқазғандық «Ұлытау» өз алаңывнда Павлодардың «Ертісіне», талдықорғандық «Жетісу» Петропавлдың «Қызылжарына» 1:2 есебімен есе жіберсе, дәл сондай есеппен «Ақтөбе» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қапы қалдырды.
Дәл қазір «Астана» - «Алтай» (Өскемен), «Елімай» (Семей) - «Қайсар» (Қызылорда), «Қайрат» (Алматы) - «Ордабасы» (Шымкент) кездесуі өтіп жатыр.
Бұл турды «Каспий» (Ақтау) — «Жеңіс» (Астана) кездесуі түйіндейді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан