7 сағат бұрын
Дзюдодан Азия кубогында Қазақстан 9 медаль алды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Қытайдың Макао аймағында дзюдодан жастар арасында Азия кубогі өтті. Аталған жарысты Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлдемен аяқтады., деп хабарлайды Sport12.kz.
Азия кубогіне 15 елден 180 жас татами шебері қатысты.
Алтын
Мұрат Ерхан (-60 кг)
Исатаев Нұрлан (-66 кг)
Өтеген Архат (-90 кг)
Күміс
Алмабек Абылай (-60 кг)
Слямжанов Әлішер (-90 кг)
Думанқызы Айымзада (+78 кг)
Қола
Абай Жанаділ (-60 кг)
Тұрсынбек Али (-90 кг)
Иботолла Аниса (-70 кг).
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің келісімімен, Қазақстан дзюдо федерациясы басшылығының шешімімен Имашев Айбек Әсетұлы Қазақстан дзюдо федерациясының Бас хатшысы қызметіне тағайындалды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан