6 сағат бұрын
Футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалына төрешілер белгіленді
Қазақстан футбол федерациясы 1/2 финалдағы «Қайсар» (Қызылорда) - «Жеңіс» (Астана) кездесуінің төрешілер бригадасын белгіледі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл матч 29 шілдеде сағат 20:00-де Қызылорда қаласындағы «Қайсар-арена» стадионында өткізіледі.
Кездесу барысында тараздық Бағдат Абдуллаев бас төреші міндетін атқарады. Оған Сергей Васютин (Алматы) және Данияр Серікболов (Семей) көмектеседі. Төртінші төреші - Марал Әбдікеров (Қызылорда). Ал бейне қайталау жүйесі (VAR) бойынша Сәкен Байымбет (Тараз) жауапты болса, VAR жүйесіне Евгений Карлов (Павлодар) көмектеседі.
Айта кетсек, жартылай финалдың тағы бір жұбында алғашқы кездесуде шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында Өскеменнің «Алтайын» 1:0 еесбімен жеңді.
Жартылай финалдың қарымта ойындары 19 тамыз күні өткізіледі.
Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты жеңіп алды. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) - 10, «Жеңіс» (Астана), «Астана», «Тобыл» (Қостанай) - 3, «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) -2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) 1 мәртеден жеңімпаз атанды.
Өткен жылы Қызылордада «Қайсар-аренада» қостанайлық «Тобыл» Қазақстан кубогының иегері атанды. Олар финалда шымкенттік «Ордабасыны» 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан