5 сағат бұрын
Биыл Чемпиондар лигасында ойнайтын 29 команда белгілі болды
Фото: sports.ru
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 20262027 жылғы маусымында негізгі кезеңде сынға түсетін 29 команда белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дүбірлі додада Испания және Англия елдерінен бес командадан қатысатын болды.
Англия: «Арсенал», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Астон Вилла» және «Ливерпуль».
Испания: «Барселона», «Реал», «Вильярреал», «Атлетико» және «Бетис».
Италия: «Интер», «Наполи», «Рома», «Комо».
Германия: «Бавария», «Боруссия Дортмунд», «Лейпциг», «Штутгарт».
Франция: «Пари Сен-Жермен», «Ланс», «Лилль».
Нидерланд: ПСВ, «Фейенорд».
Португалия: «Порту», «Спортинг».
Бельгия: «Брюгге».
Чехия: «Славия».
Түркия: «Галатасарай».
Украина: «Шахтер».
UEFA Чемпиондар лигасы 20262027 жылғы маусымында негізгі кезеңде барлығы 36 команда сынға түседі. Қалған жеті жолдама іріктеу кезеңінен кейін анықталады.
Негізгі кезең ойындары 2026 жылдың 8 қыркүйегінен басталып, 2027 жылдың 27 қаңтарында мәресіне жетеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасында «Қайрат» - «Омония» кездесуіне төрешілер белгіленді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан