5 сағат бұрын
«Ордабасының» бұрынғы шабуылшысы жаңа командасын тапты
Фото: «Ордабасы» футбол клубы
«Ордабасы» командасының бұрынғы шабуылшысы Димитар Митков мансабын «Мадура Юнайтед» (Индонезия) командасында жалғастырады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Димитар Митков кәсіби мансабында Болгарияның «Лудогорец», «ЦСКА 1948», «Локомотив» (София), «Спартак» (Варна), «Ботев» клубтарының намысын қорғады. Сонымен қатар шабуылшы Ресейдің «Рубин» және Тәжікстанның «Истиклол» командаларында өнер көрсеткен.
2021 жылы Митков Болгария жастар құрамасына шақырылып, оның сапында 4 матч өткізді.
2026 жылдың қаңтар айында шымкенттік «Ордабасы» сапына қосылды. Осы уақыт ішінде шабуылшы 13 матчқа қатысып, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас авторы атанды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан