Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Фото: ҚФФ

Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы екінші квалификациялық кезеңінің «Лудогорец» пен «Хапоэль Тель-Авив» арасындағы қарымта кездесуіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Болгарияның «Лудогорец» және Израильдің «Хапоэль Тель-Авив» клубтары арасында 30 шілдеде Разград қаласында өтетін қарымта ойынға отандық төрешілер бригадасы қызмет етеді. Кездесудің бас төрешісі болып Саят Қарабаев тағайындалды, оған ассистенттер Алексей Долгих пен Сергей Калачев көмектеседі, ал қосалқы төреші міндетін Георгий Чеховский атқарады.

Командалар арасындағы алғашқы ойын израильдіктердің пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.

Бұдан бөлек, ҚФФ Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру амстердамдық «Аякс» пен сербиялық «Войводина» арасындағы матчқа инспектор болып тағайындалды. Екінші іріктеу раундының қарымта кездесуі 30 шілдеде Амстердам қаласындағы (Нидерланд) «Йохан Кройф Арена» стадионында өтеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Зинедин Зидан Францияның әлем чемпионатындағы сәтсіздігінен кейін құрама тізгінін ұстады.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан