Матч орталығы
Стокгольм мужчины Теннис Агустин Тиранте Агустин Тиранте 2:1 Аяқталды Александр Шевченко Александр Шевченко КХЛ Хоккей Барыс Барыс 4:2 Аяқталды Адмирал Адмирал Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Өзбекстан Өзбекстан 2:3 Аяқталды Ресей Ресей УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Түркия Түркия 1:2 Аяқталды Бельгия Бельгия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Армения Армения 1:1 Аяқталды Кипр Кипр Испания кубогы Футбол Кальво Сотело Кальво Сотело 0:3 Аяқталды Альбасете Альбасете Испания кубогы Футбол ЦД Таранкон ЦД Таранкон 1:2 Қос. уақытта Леванте Леванте Испания кубогы Футбол Навалькарнеро Навалькарнеро 2:3 Қос. уақытта Бетис Бетис Франция кубогы Футбол Шамбери Шамбери 0:2 Аяқталды Гренобль Гренобль Альпі хоккей лигасы Хоккей Ред Булл Хоккей Юниорс Ред Булл Хоккей Юниорс 3:4 Аяқталды Бронкос Бронкос ДЕЛ Хоккей Изерлон Изерлон 6:2 Аяқталды Адлер Адлер Челленджер Лима Теннис Франко Ронкаделли Франко Ронкаделли 1:1 Бас тарту Франсиско Комесана Франсиско Комесана Еуролига Баскетбол Валенсия Валенсия 102:87 Аяқталды Бавария Бавария УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Черногория Черногория 2:1 Аяқталды Латвия Латвия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Албания Албания 2:0 Аяқталды Финляндия Финляндия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Чехия Чехия 0:2 Аяқталды Испания Испания УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Англия Англия 2:1 Аяқталды Хорватия Хорватия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Сан-Марино Сан-Марино 0:2 Аяқталды Беларусь Беларусь УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Италия Италия 3:1 Аяқталды Франция Франция НХЛ Хоккей Бостон Бостон 0:0 17:36 Монреаль Монреаль

28.07.2026

Зинедин Зидан Францияның әлем чемпионатындағы сәтсіздігінен кейін құрама тізгінін ұстады

Зинедин Зидан Францияның әлем чемпионатындағы сәтсіздігінен кейін құрама тізгінін ұстады

Фото:GETTY IMAGES

Аңыз футболшы әрі тәжірибелі бапкер Зинедин Зидан ресми түрде Франция ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне кірісті.

Зидан бұл қызметте 2012 жылдан бері құраманы жаттықтырған Дидье Дешамның орнын басты. Дешамның жетекшілігімен Франция құрамасы әлем футболындағы ең тұрақты әрі табысты командалардың біріне айналды.

Ол ұлттық құрамамен бірге 2018 жылы әлем чемпионы атанып, 2016 жылғы Еуропа чемпионатында және 2022 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, 2021 жылы УЕФА Ұлттар лигасын жеңіп алып, 2026 жылғы әлем чемпионатын төртінші орынмен аяқтады.

Бұған қоса, Дешам футбол тарихында әлем чемпионатын ойыншы (1998) және бас бапкер (2018) ретінде жеңіп алған санаулы тұлғалардың бірі. Оның жетекшілігімен Франция үш әлем чемпионатында қатарынан жартылай финалға шығып, екі рет финалға дейін жетті.

Қызметіне ресми кіріскеннен кейін өткен баспасөз мәслихатында Зидан өзіне артылған сенім үшін алғыс айтып, Дешамның еңбегіне жоғары баға берді.

“Мен әрдайым Франция құрамасынан асқан маңызды команда жоқ екенін айтып келдім. Ұлттық құраманың бас бапкері атану – мен үшін зор қуаныш әрі үлкен мақтаныш. Сонымен бірге, бұл – аса үлкен жауапкершілік”, – деді Зидан.

Зинедин Зидан 2021 жылы мадридтік «Реалдан» кеткеннен кейін ешбір команданы жаттықтырған жоқ.

Алайда ол клубтық деңгейдегі ең табысты бапкерлердің бірі саналады. «Реал Мадридті» екі кезеңде (2016–2018 және 2019–2021) жаттықтырған Зидан 11 ресми трофей жеңіп алды. Оның ішінде УЕФА Чемпиондар лигасының үш бірдей титулы бар.

Франция құрамасы – Зиданның бапкерлік мансабындағы алғашқы ұлттық команда. Ол 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін ресми түрде қызметіне кірісіп, енді құраманы 2028 жылғы Еуропа чемпионаты мен 2030 жылғы әлем чемпионатына дайындайды.


Біздің серіктес: Sport12kz