3 күн бұрын
«Ордабасы» қақпашысы чемпиондық мерекеде сүйіктісіне ұсыныс жасады
Шымкентте «Ордабасы» футбол клубының тарихи маусымдағы жетістіктеріне арналған мерекелік шара өтіп жатыр. Осы кеште команда қақпашысы Қажымұқан Төлепберген сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.
Футболшы көпшілік алдында сүйіктісіне сезімін білдірді.
«Осы сәтті пайдаланып, сүйіктіме ұсыныс жасағым келеді. Маған тұрмысқа шығасың ба?» – деді қақпашы.
Сүйіктісі ұсынысты қабыл алып, «Иә» деп жауап берді.
Айта кетейік, Қажымұқан Төлепберген 2026 жылғы маусымда «Ордабасы» сапында Қазақстан Премьер-лигасында екі, Қазақстан Кубогында төрт матч өткізіп, барлығы алты ойынға қатысты. Осы ойындарда қақпасынан үш гол жіберіп, үш матчта қақпасын голдан аман сақтады.
Біздің серіктес: Sport12kz