5 сағат бұрын
Премьер-лиганың 23-туры кейінге шегерілді
Фото: «Ордабасы» футбол клубы
Премьер-лиганың 23-турға белгіленген матчтары кейінге шегерілді.
Бұл жөнінде Sport12.kz мәлім етті.
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 2026 жылғы 28 шілдедегі хатына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген еліміздегі Құрылтай сайлауының өтуіне байланысты аталған күнге жоспарланған барлық спорттық жарыстардың кейінге шегерілетінін хабарлайды.
Осыған байланысты Премьер-лига клубтары арасындағы чемпионаттың 23-турының матчтары кейінірек өтеді.
23-тур матчтарының жаңа өткізу күндері жайлы ақпарат қосымша хабарланады.
Еске салсақ, бұдан бұрын отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан